Дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарАстанада Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендірілген дүкен жұртты тәнті етті

Астанада Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендірілген дүкен жұртты тәнті етті

Қазақстанда жыл сайын желтоқсан айының басында сауда орталықтары мен дүкендер Жаңа жылға арналған безендіруді бастап кетеді. Аяз ата, шырша, түрлі түсті шамдар мен ойыншықтар – әдетте мерекелік көңіл-күйдің негізгі атрибуттары. Алайда Астанадағы дүкендердің бірі бұл үрдісті өзгертіп, алдымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін айрықша атап өтуді жөн көрді, деп жазады QazNews.kz

Сауда орны қабырғаларын көк түсті шарлармен, Қазақстан туымен және ұлттық реңк беретін элементтермен безендіріп, әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті.

Пайдаланушылар дүкен иесінің бастамасын жылы қабылдап, «маңызды мерекені жаңа жылдық жылтырдан тасада қалдырмай, елдік рухты көтерді» деп ризашылықтарын жазып жатыр.

Көпшілік мұндай қадамның Тәуелсіздік күнінің мән-маңызын айшықтап, патриоттық сезімді күшейткенін атап өтті.

Желіде жарияланған суреттер қысқа уақытта кең таралып, он мыңдаған лүпіл жинаған.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments