Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне барады

    2 июля, 2025

    Қарқара жайлауында дәстүрлі қымызмұрындық өтті

    27 июня, 2025

    Тоғызқұмалақтан Кореяда алғашқы халықаралық турнир басталды

    26 июня, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Четверг, 3 июля
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Алматы жолдарының сапасы: бақылау мен жауапкершілік қатар жүруде

      23 июня, 2025

      Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

      15 мая, 2025

      Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

      3 мая, 2025

      Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

      30 апреля, 2025

      Сенатор Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24 апреля, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Қытай көліктері: алдағы 5 жылда не күтіп тұр
    Айтарым бар

    Қытай көліктері: алдағы 5 жылда не күтіп тұр

    Қытай көліктері туралы жағымсыз пікір көп
    27 марта, 202535 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    фото. Kolesa.kz

    Қазақстанға ресми кіріп жатқан Қытай брендтерінің автомобильдеріне негізінен 5 жыл немесе 150 мың шақырым кепілдік береді. Ал 5 жыл өткен соң не болатыны жалпақ жұртқа әзірге бәймелім. Жолдарымыздағы көліктерге әлі бес жыл тола қоймады. Алайда қытай көліктері Ресей нарығына ертерек кірген. Kursiv.Мedia солардың тәжірибесіне сүйеніп, мәселенің мәнісін анықтауға тырысады, деп жазады QazNews.kz

    Көлік шанағы шіри бастауы мүмкін

    Ресейде шанағына коррозияға қарсы өңдеу жасалмаған қытай көліктерінде 2 жылдан кейін коррозия ошағы пайда болып, шіри бастаған жағдайлар тіркелген. Шірік кей көліктерде ұсақ тас тиген тұстарда пайда болса, кей жағдайларда бұл металл сапасының нашарлығымен, Ресей жолдарына себілетін реагенттермен байланысты. Сарапшылар мұндайда көліктің астыңғы және капотасты бөлігін коррозияға қарсы өңдеуден өткізуге кеңес береді. Қазақстандағы қыс мезгілі мен жолға себілетін реагенттер Ресейдікіне ұқсас болғандықтан, мұндай мәселелер бізде де туындауы әбден мүмкін. Ал коррозияға қарсы өңдеу негізінен елде ресми сатылатын көліктерге жасалатынын, сұр дилерлердегі арзанырақ модельдер мұндай өңдеуден өтпегенін ескерген жөн.

    Бөлшек мәселесі

    Қытай көліктері нарыққа енді кіргендіктен, олардың бөлшектері әзірге негізінен ресми дилерлерде ғана бар. Ал ол қымбат. Я болмаса Қытайдан алдыруға тура келеді. Ол да арзан емес әрі бірнеше ай күтіп қалуыңыз мүмкін. Әрине, сұранысқа қарай базардағы сатушылар бес жылда бөлшекті үйіп-төгіп тастауы мүмкін. Алайда мұнда бір гәп бар. Қытай көліктері жиі жаңарады. Сондықтан бір марканың бөлшектері әрдайым бір-біріне сәйкес келе бермейді.

    Сатудағы қиындық

    Қазақстанда Toyota Camry сияқты кей модельдер кәдімгідей активке айналған. Осыдан 5-7 жыл бұрын алған Camry-ді бұрынғы бағасынан қымбатқа сатқандар жетеді. Сол үшін де аталған модельге деген махаббат ерекше. Ал қытай көліктерімен мұндай бола қоюы қиын. Өйткені олар жапон, кәріс көліктеріне қарағанда құнын тез жоғалтады. Себебі нарықта сенімді репутациясы қалыптасып үлгермеді. Жүргізушілердің күдігі пен күмәні әлі сейілмеді. Соған байланысты қытай көліктерін жылдам әрі алған бағаға сату әзірге мүмкін болмай тұр. Әрине, болашақта бұл өзгеруі ықтимал.

    Жүргізушілер жиі ұшырасатын өзге мәселелер

    Қозғалтқыш. Қытай көліктеріне күрделі турбоқозғалтқыш қойылатындықтан, ерекше әрі уақытылы күтімді қажет етеді. Май мен сұйық отынға талғампаз. Сапасыз, арзан май мен бензин құюға болмайды. Егер қозғалтқыш сапасыз май мен сұйық отын кесірінен кеткені расталса, дилер кепілдік аясында жөндеуден бас тартуы мүмкін.

    Трансмиссия. Қытай көліктері вариатор немесе роботпен істейді. Қораптың бұл түрлері әзірге кемеліне келмеген, қозғалтқышпен жөнді жұптаспайтыны, дұрыс бапталмағаны үшін жиі сыналады.

    Электроника. Жүргізушілер мультимедиалық жүйесінің қатып қалатынына, ақау шығатынына жиі шағымданады.

    Аспасы. Кей жүргізушелер қытай көліктерінің аспасы 70-80 мың шақырымнан кейін сыр бере бастайтынымен кезіккен. Әсіресе, сайлентблоктар мен мойынтіректерге шағым айтады.

    Жинақ сапасы. Қытай көліктерінің салоны сықырлап, пластигі қытырлап қалады деушілер де бар. Орындықтың жайсыздығына да шағымданушылар табылады.

    Сонымен қытай көліктеріне 5 жылдан кейін не болады

    Мұны тап басып айту қиын. Автотізгіншілер тәжірибесі әртүрлі. Біреулер бес жылдан бері басын ауыртпай жүргізіп жүрсе, біреулер бір жылда-ақ қиындыққа тап болып үлгерген. Бұл жерде көп нәрсе көлік иесінің өзіне де байланысты екенін ескеру керек. Ұқыпты пайдаланылған, сапалы отын құйылып, уақытылы күтім көрген көлік кепілдік берілген 150 мың шақырымнан да ұзағырақ қызмет етуі мүмкін

    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    “Келінімізді араластырмауды сұраймыз”: Берденовті атты деген жігіттің әкесі мәлімдеме жасады

    25 апреля, 2025

    Ауқымды салық форумы: Жаңа салық реформасы талқыланды

    23 апреля, 2025

    Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

    27 марта, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 552 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 271 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 374 Views

    Ораза айтта 9 күн демалыс жарияланды

    27 марта, 20252 012 Views
    Оқылып жатыр
    2 июля, 2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне барады

    2025 жылғы 23 мамыр мен 25 шілде аралығында  Мәскеу қаласында өтетін А. П. Чехов атындағы…

    Қарқара жайлауында дәстүрлі қымызмұрындық өтті

    27 июня, 2025

    Тоғызқұмалақтан Кореяда алғашқы халықаралық турнир басталды

    26 июня, 2025

    Алматы жолдарының сапасы: бақылау мен жауапкершілік қатар жүруде

    23 июня, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.