Алматы әуежайында адам қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды, деп жазады QazNews.kz.
Бұл оқиғаға қатысты көліктегі полиция басқармасы түсініктеме берді.
«Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмеді.


