Бейсенбі, 5 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАстанада жолды әдейі бөгеген төрт жүргізуші қамауға алынды

Астанада жолды әдейі бөгеген төрт жүргізуші қамауға алынды

Астанада жол қозғалысына қасақана кедергі келтірген төрт жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында Mercedes-Benz және Toyota көліктерінің жүргізушілері бар, деп жазады QazNews.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға Республика даңғылында болған. Жүргізушілер көліктерін жолдың көлденеңіне қойып, басқа көліктердің жүруіне әдейі кедергі жасаған.

Сот шешімімен жасы 19 бен 35 аралығындағы төрт азамат бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар жол ережесін бұзған тағы жеті жүргізуші жауапқа тартылды. Төрт автокөлік айыптұраққа қойылды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр