Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд юань (шамамен 240 млрд теңге) көлемінде қарыз алады. Қарыз 15 жылға беріліп, алғашқы үш жыл жеңілдік кезеңі ретінде қарастырылады, деп жазады QazNews.kz.
Бүгін Құрылтай депутаттары Азия даму банкімен жасалған осы келісімді ратификациялау туралы заңды екі оқылымда қабылдады. Құжатқа 11 қыркүйекте қол қойылған.
Келісімге сәйкес, Қазақстанға 3 млрд 411 млн 350 мың юань көлемінде қарыз беріледі. Оны өтеу мерзімі – 15 жыл. Оның ішінде үш жыл жеңілдік кезеңі болады.
Құжатта қарыздың сыйақы мөлшерлемесі SHIBOR мөлшерлемесі мен өзгермелі үстемеақыға байланысты есептелетіні көрсетілген. Алдын ала жарияланған мәлімет бойынша, пайыздық мөлшерлеме 1,69 пайызды құрайды. Қарыздың игерілмеген бөлігі үшін жылдық 0,15 пайыз көлемінде комиссия төленеді.
Құрылтайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тартылған қаражат әлеуметтік саланы, көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіпті, білім беруді және басқа да басым бағыттарды қаржыландыруға жұмсалады.


