Сәрсенбі, 4 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда ауыл ветеринарларының жалақысы өсіп, әлеуметтік қолдауы күшейтіледі

Қазақстанда ауыл ветеринарларының жалақысы өсіп, әлеуметтік қолдауы күшейтіледі

Қазақстанда ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринар мамандардың еңбек жағдайын жақсартып, әлеуметтік қолдау шараларын кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Құрылтайдың жалпы отырысында ветеринария мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау кезінде белгілі болды. Заң жобасы ветеринария саласын жаңғыртуға, мамандардың еңбек жағдайын жақсартуға және өңірлерде бұл кәсіптің беделін арттыруға бағытталған, деп жазады QazNews.kz.
Заң жобасында ветеринар мамандарға арналған бірнеше әлеуметтік қолдау шарасы қарастырылған:
  • Еңбек демалысы: ветеринарларға жыл сайын ақылы еңбек демалысы беріліп, сауықтыруға арналған төлем қарастырылады. Оның мөлшері кемінде екі лауазымдық жалақыға тең болады.

  • Ғылыми дәреже үшін үстемеақы: негізгі жұмыс орнында ғылым кандидаты дәрежесі бар мамандарға ай сайын 17 АЕК, ал ғылым докторларына 34 АЕК көлемінде қосымша ақы төленеді.

  • Ветеринарлар палатасы: мамандардың құқықтарын қорғау, олардың есебін жүргізу және біліктілігін арттыруға көмектесу үшін Ветеринарлар палатасын құру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, заң жобасы әзірге бірінші оқылымда мақұлданды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр