Бейсенбі, 22 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпУкраинадағы соғыс аймағынан 13 қазақстандықты елге қайтаруға дайындалып жатыр

Украинадағы соғыс аймағынан 13 қазақстандықты елге қайтаруға дайындалып жатыр

Заңгер Мейірман Шекеевтің мәлімдеуінше, Украинадағы соғыс аймағында жүрген 13 қазақстандықты босатып, елге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның айтуынша, қазір олардың Отанына оралуына кедергі жоқ, деп хабарлайды qaznews.kz.

Шекеев қазақстандықтардың отбасы мүшелерінің үндеуін жариялады. Онда азаматтардың ата-аналары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне және мәселені шешуге көмектескен барша жанға алғыс білдірген.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ресейге жұмыс істеуге барғанын, алайда кейін соғысқа жіберілу қаупіне тап болғанын айтқан қазақстандықтардың видеоүндеулері тараған еді.

Олардың бірі көмек күтіп жүргендеріне он күннен асқанын айтқан. Сондай-ақ ол қастарында болған кейбір адамдарды алып кеткенін мәлімдеген.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр