Бейсенбі, 15 октября, 2026
spot_img
Басты бетӘлемЫстамбұлда нөсер кезінде екі адам қаза тапты

Ыстамбұлда нөсер кезінде екі адам қаза тапты

Түркияның Ыстамбұл қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан екі адам көз жұмды. Қалада су басу оқиғалары көбейіп, бірнеше ауданда жер көшкіні тіркелді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Балат ауданында су басқан көшедегі шалшықтан өтпек болған 14 жастағы баланы тоқ соғып, ол қайтыс болды. Ал Сарыер ауданында құлап, басын соғып алған тағы бір адам көз жұмған.

Нөсер салдарынан қалада 1 277 су басу оқиғасы тіркелген. Бұдан бөлек, 15 өңірде жер көшкіні болған. Төтенше жағдайлар қызметіне тұрғындардан 2 518 хабарлама түскен.

Қолайсыз ауа райына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Тұрғындарға жеке көліктің орнына қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр