Сәрсенбі, 14 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚорғаныс министрлігінде аудит жүріп жатыр: 50 әскери бөлім тексеріліп жатыр

Қорғаныс министрлігінде аудит жүріп жатыр: 50 әскери бөлім тексеріліп жатыр

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде бұрын жүргізілген тексерістер кезінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталған. Қазір 50 әскери бөлімнің жұмысына аудит жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды qaznews.kz.

Министрдің сөзінше, бюджет қаражаты мемлекеттік органдардың қажеттіліктері мен жоспарланған бағдарламаларға бөлінеді. Ал оның мақсатқа сай әрі тиімді жұмсалғаны аудит барысында анықталады.

«Қаржы министрлігінде Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жұмыс істейді. 2023 жылы тексеріс жүргізілді. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша да аудит өтті. Соның нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы есеп бергенбіз», – деді Мәди Тәкиев.

Қазір Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды зерделеу үшін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына Қаржы министрлігінің өкілдері де кірді. Тексеріс жүргізуге 61 аудитор тартылған. Олар қазір 50 әскери бөлімнің қызметін тексеріп жатыр.

Министр аудит аяқталған соң оның нәтижесі жарияланатынын айтты.

Сондай-ақ Мәди Тәкиев тексеріс кезінде бюджеттен ақша бөлінгенімен, қажетті жабдықтар жеткізілмегені анықталса, тиісті материалдар басқа құзыретті органдарға жіберілетінін жеткізді. Олар өз құзыреті шегінде қосымша тексеру жүргізеді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр