Түркістан облысы Қазығұрт ауданында еріктілер қирауға шақ тұрған үйдің шатырын жөндеу кезінде ақша тапқан, деп хабарлайды qaznews.kz.
Үйде тұратын 58 жастағы жалғызбасты әйел қаражатты бірнеше жыл бойы садақа жинап, сақтап келгенін айтқан.
Ақшаның арасында теңгелік тиындар мен ірі купюралар, Өзбекстанның валютасы болған. Еріктілер полицияға хабар берген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ал үйді жөндеу жұмыстары жалғасуда.


