2026 жылғы 12–13 қазанда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды qaznews.kz.
Тағы 8 бала мектеп-интернатта оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Қазір мамандар тексеру жүргізіп жатыр. Зертханалық талдау жасау үшін сынамалар алынған.
Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.


