Дүйсенбі, 12 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпШымкентте Қайрат Нұртастың концертіндегі жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіндегі жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде болған жағдайға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Оқиға салдарынан бір қыз зардап шеккен. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды qaznews.kz.

Полиция мәліметінше, концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Адамдардың шамадан тыс көп жиналуынан концертке келген қыз жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, ұйымдастырушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Алдын ала мәлімет бойынша, концертке сатылған билет саны алаңның сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Іс-шараны ұйымдастырған, 1984 жылы туған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар полиция әлеуметтік желілерде тараған адам өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ.

Алдын ала ақпарат бойынша, 18 жастағы зардап шеккен қыздың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр. Дегенмен оның жағдайында аздаған оң өзгеріс бар.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, концерт кезінде медициналық көмекке сегіз адам жүгінген. Олардың жетеуі тексеруден кейін үйлеріне жіберілген.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр