Сейсенбі, 13 октября, 2026
spot_img
Басты бетӘлемСыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Сауд Арабиясында сақ болуға шақырды

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Сауд Арабиясында сақ болуға шақырды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясында жүрген азаматтарды сақтық шараларын күшейтуге шақырды. Бұған елдегі азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдар себеп болған, деп хабарлайды qaznews.kz.

«Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы елде жүрген азаматтарға сақтық шараларын күшейтіп, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды ұсынады», – делінген хабарламада.

Министрлік қазақстандықтарға аса қажет болмаса, әуежайларға бармауға кеңес берді. Сондай-ақ әуе рейстерінің мәртебесін алдын ала әуе компанияларынан нақтылап, адам көп жиналатын орындар мен қауіпті нысандардан аулақ болуға шақырды.

Бұған қоса, шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыру ұсынылды.

Төтенше жағдай туындаған кезде азаматтар Қазақстанның Эр-Рияд қаласындағы елшілігіне немесе Жидда қаласындағы бас консулдығына хабарласа алады.

Шұғыл байланыс телефондары:

  • Эр-Риядтағы консул: +966 55 663 01 77;
  • Жиддадағы консул: +966 53 275 80 80.

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды ведомствоның және Сауд Арабиясындағы құзырлы органдардың ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр