Сейсенбі, 6 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда биыл 1,6 мың ауыл интернетке қосылады

Қазақстанда биыл 1,6 мың ауыл интернетке қосылады

Қазақстанда жыл соңына дейін 1,6 мың ауылды интернетпен қамту жоспарланған. Қазірдің өзінде олардың 370-іне интернет желісі жеткізілді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету үшін 11,8 мың шақырымнан астам байланыс желісі тартылған.

Сондай-ақ елдің 20-дан астам қаласында 5G технологиясын дамыту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 5G желісінің 4 мыңнан астам базалық стансасы орнатылған.

Интернет қолжетімділігін арттыру мақсатында теміржол саласында да жұмыстар жүргізілуде. Қазір 50 бағытта қатынайтын 124 пойыздың құрамындағы 1 500 вагон интернетпен жабдықталған.

Бұдан бөлек, интернетке қосу жобасы аясында жеті ұшақ пен 50 туристік нысанда тиісті жұмыстар жалғасып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр