Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардағы бірқатар кадрлық тағайындаулар туралы өкімдерге қол қойды, деп хабарлайды qaznews.kz.
Президенттің шешімімен Айтқұрман Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін ол Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Арнаулы мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметін атқарған.
Ал Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Арнаулы мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Тиісті өкімдерге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.


