Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласындағы құрылыс нысанында Қазақстан азаматы көз жұмды. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды qaznews.kz.
Корейлік БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қыркүйекте болған. Ер адам ғимараттың 23-қабатында жұмыс істеп жатқан кезде төбенің бетон бөлігі опырылып, оның үстіне құлаған.
Оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігі аталған құрылыс нысанындағы жұмыстарды уақытша тоқтатты.
Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланысқа шығып, қажетті консулдық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептерін Кореяның құзырлы органдары анықтап жатыр.


