Сәрсенбі, 9 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда фастфуд жарнамасына шектеу енгізу ұсынылды

Қазақстанда фастфуд жарнамасына шектеу енгізу ұсынылды

Денсаулық сақтау министрлігі балаларға бағытталған фастфуд, тәтті газдалған сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан май мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасын шектеуге қатысты заңнамалық бастамалар әзірледі, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Бұған дейін Президент Үкіметке фастфудтың белсенді түрде насихатталуы мәселесін қарастыруды тапсырған еді. Мамандардың айтуынша, азық-түлік өнімдерінің жарнамасы балалар мен жасөспірімдердің таңдауына елеулі әсер етеді. Әсіресе олар көз тартатын қаптамаға, блогерлердің әлеуметтік желілердегі жарнамасына және түрлі маркетингтік тәсілдерге жиі елігеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәр Сәрсембаеваның сөзінше, құрамында тұз, қант, қаныққан және трансмай мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасын телеарналарда, радиода, әлеуметтік желілерде және сыртқы жарнама алаңдарында шектеу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылған.

Министрлік келтірген мәліметтерге сәйкес, 6-9 жас аралығындағы балалардың 23 пайызы артық салмақтан зардап шегеді, ал 6 пайызы семіздікке шалдыққан. Сонымен қатар жасөспірімдердің 17,5 пайызы энергетикалық сусындарды тұрақты түрде, кемінде аптасына бір рет тұтынады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр