Сәрсенбі, 9 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпТойда әнді харам, ал әншілерді шайтанның азаншысы деген ер адамның ісі сотқа...

Тойда әнді харам, ал әншілерді шайтанның азаншысы деген ер адамның ісі сотқа түсті

Түркістан облысында той кезінде музыканы харам, ал әншілерді шайтанның азаншысы деп уағыз айтқан ер адамға қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Ведомство мәліметінше, іс әлеуметтік, ұлттық, этностық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру бабымен қозғалған. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған жағдайда жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тергеу барысында бірнеше сараптама тағайындалған. Атап айтқанда, дінтану, саясаттану және психологиялық-филологиялық сараптамалар жүргізілді.

Полицияның хабарлауынша, қылмыстық іс материалдары 26 тамыз күні сотқа жолданған.

Енді іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Еске салайық, ер адам 5 тамызда Түркістан облысында той үстінде айтқан даулы сөзі қоғамда қызу талқыланған 66 жастағы ер адам ұсталған болатын.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр