Сәрсенбі, 9 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАрман Шораев 20 тәулікке қамалды

Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

Арман Шораев әлеуметтік желіде жарияланған балағат сөздерге байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Полицияның хабарлауынша, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде құқық бұзушылық белгілері бар жарияланым анықталған. Осы дерек бойынша Арман Шораевқа қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Сотта қаралған іс материалдарының нәтижесінде Арман Шораев кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр