Дүйсенбі, 7 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстан ресми түрде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды

Қазақстан ресми түрде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастыру комитеті медальдарды қайта санап, Қазақстанды жалпыкомандалық есептің ресми жеңімпазы деп таныды, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагөзов мәлімдеді.

Оның айтуынша, медальдарды есептеу кезінде техникалық сәйкессіздік орын алған. Осыған байланысты ұйымдастырушылар қазақстандық үш спортшының жүлделерін жеке-жеке есепке алу туралы шешім қабылдаған.

Қайта есептеу нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.

«Қазақ бауырларымызды жеңістерімен құттықтаймыз», – деді Алагөзов.

Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтті. Ал көкпар мен көкбөріден финалдық жарыстар Шолпан-Ата қаласында ұйымдастырылды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр