Қазақстанда жаңа Үкімет құрамы белгілі болды. Президенттің шешімімен Премьер-министр бастаған министрлер кабинеті жасақталып, негізгі ведомстволарға жетекшілік ететін тұлғалар анықталды. Үкімет құрамына Премьер-министр, оның орынбасарлары және салалық министрлер кіреді, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Премьер-министр қызметін Олжас Бектенов атқарады. Оның бірінші орынбасары болып Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасарлары қызметтерін Ғалымжан Қойшыбаев, Қанат Бозымбаев, Серік Жұманғарин және Жаслан Мәдиев атқарады.
Министрліктердің басшылығына төмендегі тұлғалар тағайындалған:
- Ержан Сәденов – Ішкі істер министрі;
- Дәурен Қосанов – Қорғаныс министрі;
- Мұхтар Тілеуберді – Сыртқы істер министрі;
- Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі;
- Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі;
- Ақмарал Әлназарова – Денсаулық сақтау министрі;
- Мәди Такиев – Қаржы министрі;
- Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі;
- Арман Қырықбаев – Мәдениет және ақпарат министрі;
- Нұржан Нұржігітов – Су ресурстары және ирригация министрі;
- Ербол Мырзабосынов – Туризм және спорт министрі;
- Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі;
- Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
- Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі;
- Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі;
- Жұлдыз Сүлейменова – Оқу-ағарту министрі;
- Асқарбек Ертаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
- Мұрат Мұханов – Төтенше жағдайлар министрі;
- Әлібек Қуантыров – Экология және табиғи ресурстар министрі.
Осылайша жаңа Үкімет құрамында бірқатар тәжірибелі шенеуніктер өз қызметтерін сақтап қалса, кейбір министрліктерге жаңа басшылар келді.


