Сәрсенбі, 2 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚұрылтай депутаттары қандай заң жобаларын қарайды?

Құрылтай депутаттары қандай заң жобаларын қарайды?

Құрылтай депутаттары алдағы кезеңде бірқатар маңызды заң жобаларын қарауға кіріседі. Бюро отырысында заңнаманы түгендеу және оны жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіру негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалды, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Осыған байланысты депутаттар бірнеше стратегиялық бағыт бойынша заңнамалық өзгерістерді талқылайды.

Атап айтқанда, жасанды интеллект пен цифрлық активтерді дамытуға қатысты құқықтық нормаларды жетілдіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар көші-қон саясаты, ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау, энергетикалық тұрақтылық пен баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері де күн тәртібіне енгізілген.

Бұдан бөлек, онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттеу жөніндегі заңнамалық бастамалар қаралады.

Депутаттар алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті де талқылап, оның негізгі параметрлерін бекіту мәселесін қарайды.

Жаңа Конституцияға сәйкес заңнаманы жаңарту жұмыстары мемлекеттік басқарудың түрлі салаларын қамтып, цифрландырудан бастап әлеуметтік саясат пен энергетикаға дейінгі бағыттарды қамтуы күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр