Бейсенбі, 20 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпТабиғатқа жіберілген жолбарыс қасқыр мен қабанды жеп қойған

Табиғатқа жіберілген жолбарыс қасқыр мен қабанды жеп қойған

Экология және табиғи ресурстар министрлігі табиғатқа жіберілген Үміт атты жолбарыстың жабайы ортадағы алғашқы 10 күні қалай өткенін айтты, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Ведомство мәліметінше, жолбарыстың мойнына тағылған GPS-қарғыбау арқылы оның жүрген аумақтары анықталып, кейін мамандар сол жерлерде далалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Министрліктің хабарлауынша, алғашқы күндердің өзінде-ақ Үміттің өздігінен аң аулай алатыны белгілі болған.

– Жолбарыс қасқырды аулап, бірнеше күн бойы сонымен қоректенген. Кейін жабайы қабанды да сәтті қолға түсірді, – деп мәлімдеді министрлік.

Қазіргі уақытта мамандар жыртқыштың қозғалысын күн сайын бақылап, оның табиғи ортаға бейімделу процесін қадағалап отыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр