Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасынан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген тағы бір өмір бойғы өкілеттік алынып тасталды, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Енді экс-президенттің мемлекеттік құрылым, ішкі және сыртқы саясат, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке қатысты маңызды мәселелер бойынша бастама көтеру және халыққа үндеу жасау құқығы аталған құжатта қарастырылмайды.
Бұл өзгеріс 14 тамызда қабылданған Президент жарлығымен енгізілді. Сонымен бірге сыртқы саясат тұжырымдамасы жаңартылған Конституция талаптарына сәйкестендірілді. Құжатта бірқатар терминдер нақтыланып, «Парламент» атауы «Құрылтай» сөзімен алмастырылды, ал «азамат» ұғымы «Қазақстан Республикасының азаматы» деп нақты көрсетілді.


