Кенияның Самбуру округіндегі Ололокве тауында тікұшақ құлап, жеті адам қаза тапты. Қайғылы оқиға салдарынан алты турист пен ұшқыш мерт болған, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Жергілікті полицияның мәліметінше, Eurocopter EC130 B4 тікұшағы жергілікті уақытпен сағат 09:13 шамасында апатқа ұшыраған.
Әуе кемесі Лайкипия округіндегі Соян ранчосынан ұшып шығып, Лойсаба табиғи қорығына бет алған. Қазір апаттың неден болғаны анықталып жатыр. Оқиғаға байланысты арнайы тергеу басталды.


