Бейсенбі, 13 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпШетелдік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды

Шетелдік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды

Астана қаласының полициясы әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында шетелдік азаматтың стримдері анықталғанын хабарлады, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, блогер тікелей эфир кезінде арандатушылық сипаттағы және әдепке сай келмейтін мәлімдемелер жасаған.

Осыған байланысты сот шешімімен оған айыппұл салынып, Қазақстан аумағына бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.

Полиция өкілдері Қазақстанның шетел азаматтары мен ел қонақтарына ашық мемлекет екенін атап өтті.

«Қазақстан шетелдік азаматтар мен ел қонақтары үшін ашық. Сонымен қатар республика аумағында болу қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауды, сондай-ақ елге, оның азаматтарына және жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына құрметпен қарауды талап етеді», – деп мәлімдеді полиция.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр