Жұма, 10 июля, 2026
spot_img
Басты бетӘлемFAI Дүниежүзілік кубогының кезеңі басталды: Сәтбаев университеті әлемдік деңгейдегі жарыстың тең ұйымдастырушысы...

FAI Дүниежүзілік кубогының кезеңі басталды: Сәтбаев университеті әлемдік деңгейдегі жарыстың тең ұйымдастырушысы атанды

Байсерке әуеайлағында авиациялық технологиялар және классикалық спорттық ұшқышсыз авиациялық жүйелер бойынша FAI Дүниежүзілік кубогының үш кезеңі ресми түрде басталды, деп хабарлайды QazNews.kz

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар мен инженерлердің басын қосқан беделді халықаралық жарыстың тең ұйымдастырушыларының бірі – Сәтбаев университеті.

Бұл ауқымды дода авиациялық спортты, инженерлік ғылымды және заманауи ұшқышсыз технологияларды тоғыстырып, халықаралық тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.
Жарыстың алғашқы күнінен-ақ Қытай, АҚШ, Германия, Моңғолия, Өзбекстан және Қазақстанның ұлттық құрамаларын қоса алғанда, әлемнің әртүрлі елдерінен келген 50-ден астам спортшы мен инженер бақ сынауға кірісті. 6–10 шілде аралығында қатысушылар ұшқышсыз авиациялық жүйелерді басқарудағы кәсіби шеберлігін, жоғары дәлдігін, жылдамдығын және инновациялық инженерлік шешімдерін көрсетіп, Дүниежүзілік кубок жүлдесі үшін өзара бақ сынайды.

Сәтбаев университеті үшін осындай әлемдік деңгейдегі турнирді бірлесіп ұйымдастыру студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды бастама. Мұндай халықаралық жарыстар болашақ инженерлерге жетекші әлемдік сарапшылармен тәжірибе алмасуға, робототехника мен ұшқышсыз авиациялық жүйелер саласындағы жаңа үрдістерді талқылауға, сондай-ақ өздерінің ғылыми әзірлемелерін нақты жағдайда сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Алдағы бес күнде көрермендерді тартысты әуе сайыстары, күрделі технологиялық тапсырмалар және Дүниежүзілік кубок жүлдесі үшін қызу бәсеке күтіп тұр. Байсерке әуеайлағындағы халықаралық турнир 10 шілдеге дейін жалғасады.

Сәтбаев университетінің ұжымын және жарысты ұйымдастырушыларды халықаралық деңгейдегі маңызды спорттық-ғылыми шараның сәтті басталуымен құттықтаймыз! Қазақстандық қатысушыларға сәттілік тілеп, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістерге жетуіне тілектеспіз.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр