Сейсенбі, 7 Сәуір, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарҚарағандыда Ерлік күніне арналған еске алу шарасы өтті

Қарағандыда Ерлік күніне арналған еске алу шарасы өтті

Қарағанды қаласында 7 сәуір – Ерлік күніне орай «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 және 5451 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерінің қатысуымен арнайы іс-шара өткізілді, деп хабарлайды QazNews.kz

Аталған шараның басты мақсаты – Отан алдындағы борышын адал атқарып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету, олардың ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету және патриоттық рухты нығайту болды.

Іс-шара барысында қатысушылар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына бір минуттық үнсіздік жариялады. Жиналғандар ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында жанын қиған ерлердің ерлігін ешқашан ұмытпайтынын атап өтті.

Мұндай тағылымды іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, әскери қызметтің мәртебесін арттыруға және ел қорғаған батырлардың ерлігін ұлықтауға зор ықпал етеді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр