Сенбі, 21 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарАбай облысында боран мен көктайғақта жантүршігерлік жол апаты болды

Абай облысында боран мен көктайғақта жантүршігерлік жол апаты болды

Омбы–Майқапшағай тас жолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды,  деп жазады QazNews.kz

Қайғылы оқиға 19 ақпан күні қала сыртындағы трассада болған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбада қатты боран соғып, жолдың көктайғақ екені байқалады. Көліктердің бірінің алдыңғы бөлігі қатты зақымданған.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Алдын ала анықталғандай, тасжолдың 867-шақырымында Жарма ауданы Салқынтөбе ауылы аумағында Lada Priora және Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан төрт адам қаза болды, тағы үш адам жарақаттанды»,- деп жазылған Абай облысы ПД хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр