Дүйсенбі, 16 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтар"Жақ сүйегі сынып, ауруханаға жеткізілді": Жамбыл облысындағы әскери бөлімде тергеу басталды

«Жақ сүйегі сынып, ауруханаға жеткізілді»: Жамбыл облысындағы әскери бөлімде тергеу басталды

Жамбыл облысында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметкерге күш қолданылғаны туралы дерек бойынша Гвардейск гарнизонының әскери полициясы қылмыстық іс бастады,  деп жазады QazNews.kz

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға бөлім аумағында болған. Жақ сүйегінен жарақат алған сарбаз Алматыдағы әскери-клиникалық госпитальға жеткізіліп, қазіргі уақытта ем қабылдауда. Құзырлы орган оның жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында екенін хабарлады.

– Дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір жан-жақты тексеріс жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеттеріне, сондай-ақ жарғыға қайшы қарым-қатынас фактісі туралы жоғары басшылыққа дер кезінде баяндамаған лауазымды қызметкерлердің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, – деп мәлімдеді әскери полиция.

Ведомство өкілдері кінәлілер анықталған жағдайда олардың заң аясында жауапқа тартылатынын айтты. Тергеу аяқталғанға дейін бірнеше жауапты қызметкер уақытша қызметінен шеттетілген.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр