Украинада комик Нұрлан Сабуровқа қатысты қылмыстық тергеу басталды, деп жазады QazNews.kz
Тергеу амалдарын Украина Қауіпсіздік қызметі жүргізіп жатыр. Іс Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабының 1-бөлігі «мемлекет-агрессорға жәрдемдесу» бабы бойынша қаралуда.
Бұл туралы украиналық заңгер Андрей Пронин хабарлады. Оның айтуынша, тергеу аясында Сабуровтың Ресейдің қарулы құрылымдары өкілдеріне материалдық қолдау көрсетуі мүмкін деген деректер тексерілуде.
Сонымен қатар, Украина билігі әзірге істің нақты мән-жайы мен егжей-тегжейіне қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына 50 жыл бойы кіруге тыйым салынғанын жазған болатынбыз.


