Сенбі, 14 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетБілім және Ғылым«Заң мен тәртіп»: Жетісу университетінде Ашық есік күні өтті

«Заң мен тәртіп»: Жетісу университетінде Ашық есік күні өтті

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әскери кафедрасында студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ашық есік күні өтті,  деп жазады QazNews.kz

Шараға Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы мен Әскери полиция бөлімінің өкілдері, бөлім командирлері, Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры, әскери кафедра қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында студенттер әскери техникалар мен қару-жарақ түрлерін тамашалап, кафедраның оқу-материалдық-техникалық базасымен, оқу-жаттығу және саптық алаңдарымен танысты. Сондай-ақ қызметтік иттердің көрсетілімін көрді. Атыс дайындығына арналған тренажерлық кешендерді аралады.

Тәжірибелі әскери қызметшілер студенттерге әскери мамандықтың стратегиялық маңызын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді және жас буынды Отанды қорғауға, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Ашық есік күніне университеттің алты факультетінен 200-ден астам студент қатысты.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр