Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, танымал әзілкеш, Қазақстан азаматы Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына 50 жыл бойы кіруге тыйым салынған, деп жазады QazNews.kz
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шектеу көші-қон және салық заңнамасын бұзуы, сондай-ақ оның «арнайы әскери операцияға» қатысты айтқан даулы пікірлеріне байланысты енгізілген. Бұған дейін Сабуров Ресейде рұқсат етілген мерзімнен артық қалып, айыппұл төлегені белгілі.
Сонымен қатар 2024–2025 жылдары әзілкештің Ресейдің бірнеше қаласында жоспарланған концерттері оның мәлімдемелеріне байланысты бірнеше рет тоқтатылған. Кейбір дереккөздерде қазіргі уақытта Сабуровтың Дубайға қайта оралуға қаражаты жоқ екені де айтылып жүр.
Осы жағдайға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады.
«Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Сабуров немесе оның заңды өкілдері Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігіне жүгінген жоқ. Сондай-ақ оны ұстау туралы ақпарат Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан да түскен жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.
Ресми органдар тарапынан Нұрлан Сабуровқа қатысты шектеулерге байланысты әзірге қосымша түсініктеме берілген жоқ.



