Бейсенбі, 5 февраля, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпПавлодарда масаға қарсы күреске миллиардтар бөлінбек

Павлодарда масаға қарсы күреске миллиардтар бөлінбек

Павлодар облысында маса мен басқа да қан сорғыш жәндіктерге қарсы күреске 13,6 млрд теңге бөлінбек,  деп жазады QazNews.kz

Protenge мәліметінше, бұл қаражат өңір аумағында дезинсекция, дезинфекция және дератизация жұмыстарын жүргізуге бағытталады. Яғни мамандар жаз маусымында тұрғындарды әбігерге салатын жәндіктердің санын азайтуды көздеп отыр.

Алайда осы мақсаттағы алғашқы мемлекеттік сатып алу конкурсы өтпей қалған. Енді алдағы уақытта жаңа конкурс жарияланып, мердігер қайта таңдалмақ. Қомақты қаржы бөлінетіндіктен, бұл процеске қоғам назар аударып отыр. Тұрғындар қаражат тиімді жұмсалып, жаз мезгілінде маса мәселесі нақты шешімін табады деп үміттенеді.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр