Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарТүркістанда студент қыздарды жатақханада ұлдардың бөлмесін жинауға мәжбүрлеген

Түркістанда студент қыздарды жатақханада ұлдардың бөлмесін жинауға мәжбүрлеген

Әлеуметтік желілерде Түркістан қаласындағы Көп салалы индустриялды техникалық колледжің студенттері жариялаған бейнежазба тарап кетті. Қыздарға жатақхана едені мен дәретханасын жуғызып, тіпті ұлдар жататын жерді де жинауға мәжбүрлеген көрінеді,  деп жазады QazNews.kz

Әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпаратта студенттердің көмек сұрағаны жазылған.
Бейнежазбада:

«Апай, не үшін біз балалардың бөлмесін жинауымыз керек?», — дейді студенттердің бірі.

«Олар таза істемейді», — деп жауап қайтарады ересектердің бірі.

Тіпті ересектердің бірі жатақхана ережесі осындай деп, бағынбаса «босатып беруін» талап етті. 

«Ертең СЭС-тен комиссия келеді. Осы жатақхананың ашылуына. Балаларға жатуға рұқсат беретін комиссия келе жатыр. Сол үшін істейміз деп отыр саған. Ал сен барасың да қарсылық танытасың. Бір бөлме тазалағанға… Қыз емессің бе?», — дейді бейнежазбадағы әйел.

Бейнежазбада студент қыз барынша ұлдар жататын жерді тазаламайтынын, өзінің бөлмесін тазалайтынын айтып түсіндіреді. Дегенмен студент қыздарға ересек әйелдердің дауыс көтеріп жатқаны көрінеді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр