Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысында жер сілкінді

Жетісу облысында жер сілкінді

Жетісу облысында таңертең жер сілкінді, деп жазады QazNews.kz

ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 26 қарашада Астана уақытымен сағат 07:15-те жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан», — деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісі Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 2 балл болып сезілген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр