Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeСаясатВице-президент лауазымына екі әйел кандидат аталды

Вице-президент лауазымына екі әйел кандидат аталды

Қазақстанда енгізілуі тиіс вице-президент институтында «әйел вице-президент» сценарийі де қарастырылған. Оның айтуынша, үміткерлер шорт-тізімінде Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Әсел Жанасова мен Мәжіліс вице-спикері Дәния Еспаева тұр,  деп жазады QazNews.kz «DALA INSIDE»-қа сілтеме жасап.

«Вице-президенттің мемлекет атынан халықаралық форумдарға қатысып, шетелдік делегациялармен кездесу өткізу функциясына Әсел Жұбанышқызы мен Дәния Мәдиқызы да тура келеді. Ал Парламент, яғни болашақ Құрылтаймен тығыз жұмыс істеуде Дәния Еспаеваның тәжірибесі мол. Бірақ Президент қызметін уақытша атқару қажеттілігі туындап қалса, онда Әсел Жанасованың экономикалық біліктілігі сәл жоғарырақ. Және ол логистикалық стратегияны жақсы меңгерген», — дейді, дереккөз.

Әсел Жанасова жас және энергиясы көп. Ал Дәния Еспаева парламентаризм ісінде мол тәжірибе жинаған. Бұл ретте жас энергия мен мол тәжірибе арасында таңдау жасауға тура келеді. Бірақ дәл қазір «әйел вице-президент» сценарийі басты вариант болып қарастырылмаған. Дереккөз сөзінше, негізгі шорт-парақта Сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бар. Енді Президенттің алдында күрмеуі қиын дилемма пайда болды.

«Үштіктің бірі вице-президент болса, тең баланс ұстау үшін екінші тұлғаны Құрылтай спикерлігіне, үшінші қайраткерді Үкімет басқаруға жіберу туралы шешім қабылдануы мүмкін», — дейді, дереккөз.

Экономикалық реформалардың негізгі картинасын айқындап алған Қазақстан енді саяси трансформацияны бастап кетті. Ол шамамен 2027 жылы аяқталады деп күтілуде.

Еске салайық, енді Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады. Бұл туралы Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments