Сейсенбі, 25 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҰлытау облысында есірткі тасымалының жолы кесілді: 38 келі марихуана тәркіленді

Ұлытау облысында есірткі тасымалының жолы кесілді: 38 келі марихуана тәркіленді

Ұлытау облысында есірткі заттарын заңсыз айналымға жеткізудің өңіраралық арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен өңір тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде жалпы салмағы 38 келі марихуана тәркіленді. Сонымен қатар қос ұңғылы мылтық пен оқ-дәрілер табылды. Алдын ала мәлімет бойынша есірткі заттары заңсыз айналымға енгізу мақсатында еліміздің оңтүстік өңірлерінен Ұлытау облысына жеткізілген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында есірткінің жеткізілу көзі, тасымалдау жолы және қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталады. Полиция есірткі заттарын заңсыз жеткізу және өткізу арналарының жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр