Дүйсенбі, 31 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпТоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қаринды ұсынды

Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қаринды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қаринның кандидатурасын ұсынды. Мемлекет басшысы бұл лауазымның ел басқару жүйесіндегі маңызына тоқталып, Кариннің мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесін атап өтті, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Президенттің айтуынша, вице-президенттің атқаратын рөлі ерекше болады және ол Құрылтай депутаттарымен тығыз жұмыс істейді.

– Вице-президент ерекше рөл атқарады. Мен бұған дейін де бұл қызметті енгізудің маңыздылығы туралы айтқанмын. Вице-президент Құрылтай депутаттарымен тығыз жұмыс істейді. Конституцияға сәйкес оған жүктелетін өкілеттіктерді жүзеге асырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ерлан Қаринды елге танымал азамат әрі тәжірибелі мемлекеттік қайраткер ретінде сипаттады.

– Ерлан Қарин – танымал азамат. Ол ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Тәжірибесі мол, еңбек жолын жақсы білесіздер. Ол бұл қызметке әбден лайық. Өз кезегінде көптеген жылдар бойы ел дамуына белсенді түрде үлес қосып келеді. Сондықтан бұл кандидатураны лайықты деп санаймын, – деді Президент.

Депутаттар бірауыздан Ерлан Қаринның кандидатурасын қолдады. 

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр