Шығыс Қазақстан облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағандар ұсталды, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Полиция қызметкерлері Ұлан ауданындағы 52 жастағы ауыл тұрғынының үйін тексеру барысында кесілген аңшылық мылтықты, белгі беруге арналған револьверді және шамамен 50 дана оқ-дәріні тапқан.
Ер адамның айтуынша, бұл қарулар марқұм ағасынан қалған.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады.
Ішкі істер министрлігі азаматтарға қару немесе оқ-дәрі тауып алған жағдайда оған қол тигізбеуге және дереу 102 нөміріне хабарлауға кеңес береді.


