Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Атырауда отбасы мүшелерінің өліміне қатысты күдікті туралы ақпарат таратылды

    9 января, 2026

    Сарапшы жаңа көлік салығы жүргізушілерге қалай әсер ететінін айтты

    9 января, 2026

    Қызылордада көршісі баланың көзінше анасы мен әжесін пышақтап тастаған

    9 января, 2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Суббота, 10 января
    • Басты
    • Саясат

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      18 жасқа дейінгі балаларға арналған жинақ: ата-ана білуі тиіс жайттар

      9 января, 2026

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Сарапшы жаңа көлік салығы жүргізушілерге қалай әсер ететінін айтты
    Жаңалықтар

    Сарапшы жаңа көлік салығы жүргізушілерге қалай әсер ететінін айтты

    9 января, 20261 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2026 жылдан бастап Қазақстанда көлік салығын есептеу тәртібі өзгереді. Жаңа ережелер көліктің жасына, санатына және құнына тікелей байланысты болады, деп жазады QazNews.kz

    Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Жәния Сандыбайдың айтуынша, бұл өзгерістердің негізгі мақсаты — әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға түсетін салық жүктемесін азайтып, қымбат көлік иелері үшін жауапкершілікті күшейту.

    Көліктің пайдаланылған мерзімі

    Алғаш рет көлік салығын есептеу кезінде көліктің пайдаланылған мерзімі ескеріледі. Бұл бағытта төмендету коэффициенттері енгізіледі:

    • 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер үшін — салық 30%-ға азаяды;

    • 20 жылдан асқан көліктер үшін — 50% жеңілдік қарастырылған.

    Бұл — елдегі ескі автопарк иелері үшін айтарлықтай қолдау. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстандағы жеңіл көліктердің шамамен 67%-ы 10 жылдан аса уақыттан бері қолданылып келеді, ал олардың 41,5%-ы 20 жылдан асқан.

    Көлік санаты нақты айқындалады

    Бұрын көліктерді джип, пикап, фургон секілді типтерге бөлу кезінде дау туындайтын. Енді бұл норма алып тасталды. Көлік салығы тек техникалық төлқұжатта көрсетілген санат бойынша есептеледі (A, B, C, D).

    3 литрден асатын қозғалтқыштарға үстеме салық жойылды

    Бұрын қозғалтқыш көлемі 3000 куб см-ден асатын, 2013 жылдан кейін шығарылған көліктерге жоғары салық салынатын. 2026 жылдан бастап бұл талап алып тасталады.

    Енді барлық жеңіл көлік бірыңғай шкала бойынша салық төлейді.

    Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеңілдік сақталады

    Әрбір шаруа немесе фермер қожалығына тиесілі бір көлік көлік салығынан толық босатылады (талаптарға сай болған жағдайда).

    • Егер бір ғана пикап болса, салық төленбейді;

    • Бірнеше көлік болса, жеңілдік тек біреуіне қолданылады.

    Қымбат көліктерге 10% акциз енгізіледі

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап құны 18 000 АЕК-тен (шамамен 77 млн теңге) асатын жеңіл көліктерге 10% акциз салынады. Бұл талап көлікті алғаш тіркеу кезінде де, кейін қайта сату барысында да қолданылады.

    Заңды тұлғаларға есеп жеңілдетілді

    Компаниялар енді көлік салығы бойынша тоқсан сайын есеп тапсырмайды. Тек жылдық декларация жеткілікті.

    Қашан күшіне енеді?

    • Жаңа тәртіп 2026 жылға қатысты, яғни төлемдер 2027 жылы жүргізіледі.

    көлік салығы сарапшы
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Атырауда отбасы мүшелерінің өліміне қатысты күдікті туралы ақпарат таратылды

    9 января, 2026

    Қызылордада көршісі баланың көзінше анасы мен әжесін пышақтап тастаған

    9 января, 2026

    18 жасқа дейінгі балаларға арналған жинақ: ата-ана білуі тиіс жайттар

    9 января, 2026
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 555 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 379 Views
    Оқылып жатыр
    9 января, 2026

    Атырауда отбасы мүшелерінің өліміне қатысты күдікті туралы ақпарат таратылды

    Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген азаматқа қатысты ориентировка жарияланды, деп жазады QazNews.kz Атап айтқанда,…

    Сарапшы жаңа көлік салығы жүргізушілерге қалай әсер ететінін айтты

    9 января, 2026

    Қызылордада көршісі баланың көзінше анасы мен әжесін пышақтап тастаған

    9 января, 2026

    18 жасқа дейінгі балаларға арналған жинақ: ата-ана білуі тиіс жайттар

    9 января, 2026
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2026 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.