Қазақстанда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың келу белсенділігі 17,96% болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Комиссияның мәліметінше, өңірлердегі дауыс беру белсенділігі төмендегідей:
- Астана қаласы – 17,01%;
- Абай облысы – 17,35%;
- Ақмола облысы – 18,91%;
- Ақтөбе облысы – 20,28%;
- Алматы облысы – 17,19%;
- Атырау облысы – 18,75%;
- Батыс Қазақстан облысы – 17,97%;
- Жамбыл облысы – 18,25%;
- Жетісу облысы – 20,87%;
- Қарағанды облысы – 21,06%;
- Қостанай облысы – 17,92%;
- Қызылорда облысы – 22,91%;
- Маңғыстау облысы – 16,92%;
- Павлодар облысы – 15,98%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 17,52%;
- Түркістан облысы – 20,39%;
- Ұлытау облысы – 19,41%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 19,93%;
- Алматы қаласы – 9,96%;
- Шымкент қаласы – 20,39%.
ОСК дерегіне сәйкес, сағат 10:00-ге дейін ел бойынша 2 264 411 сайлаушы бюллетень алған. Бұл дауыс берушілер тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы санының 17,96%-ы.
Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың келу көрсеткіші туралы келесі ақпарат сағат 12:00-де жарияланатынын мәлімдеді.


