Сәрсенбі, 21 октября, 2026
spot_img
Басты бетСпортҚазақстандық спортшы Елдар Шекербек Босфорды жүзіп өтетін құрлықаралық жарыста ТОП-10 қатарына енді

Қазақстандық спортшы Елдар Шекербек Босфорды жүзіп өтетін құрлықаралық жарыста ТОП-10 қатарына енді

​2025 жылғы 24 тамызда Ыстамбұл қаласындаәлемдегі ашық суда жүзудегі ең беделді әріауқымды жарыстардың бірі – Босфорды жүзіп өтуқұрлықаралық байқауы өтті. Биылғы додадаАзиядан Еуропаға дейінгі 6,5 шақырымдыққашықтықты бағындыру үшін 81 елден келген2800-ден астам спортшы бақ сынады, деп жазады QazNews.kz

​Masters 19–24 жас санатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студентіЕлдар Шекербек тамаша нәтиже көрсетіп, 6-орынды иеленіп, әлемнің үздік он марафоншы-спортшыларының қатарына қосылды.

​«Жарыс оңай болған жоқ — қарсы ағындар да, жеңіске ғана ұмтылған мықты қатысушылар да көп болды. Бірақ бұл мен үшін маңызды сынақ еді, нәтижеме қуаныштымын», — деп атап өттімарафоншы-спортшы Елдар Шекербек.

​Босфорды жүзіп өту додасы ТүркияОлимпиада комитетінің қолдауымен 37-рет ұйымдастырылып отыр. Бұл бірегей жарыс тек күшпен төзімділікті сынау ғана емес, сонымен қатарАзия мен Еуропаны жалғап тұрған символдықөткел болып саналады. Жарысқа қатысқан әрбірспортшы мәңгілікке «құрлықаралық жүзуші» мәртебесін иеленеді.

​Елдар Шекербек — ашық суда жүзудегіҚазақстанның ең табысты спортшыларының бірі. Оның жетістіктері қатарында:

• ҚР чемпионы (2 км, 5 км және 10 км қашықтықтарда);
• Азияның абсолютті чемпионы (5 км);
• Әлем чемпионы (эстафета 3×500 м);
• Парсы шығанағындағы (10 км, БАӘ) жүзудекүміс және қола жүлдегер;
• Еуропа чемпионы (10 км, Испания);
• 2023–2024 жж. Универсиада жеңімпазы;
• ҚР ашық суда жүзуден спорт шебері;
• триатлон және президенттік бес сайыс бойыншаспорт шеберіне үміткер.

​

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр