Жексенбі, 1 февраля, 2026
spot_img
Басты бетСпортҚазақстандық спортшы Елдар Шекербек Босфорды жүзіп өтетін құрлықаралық жарыста ТОП-10 қатарына енді

Қазақстандық спортшы Елдар Шекербек Босфорды жүзіп өтетін құрлықаралық жарыста ТОП-10 қатарына енді

2025 жылғы 24 тамызда Ыстамбұл қаласындаәлемдегі ашық суда жүзудегі ең беделді әріауқымды жарыстардың біріБосфорды жүзіп өтуқұрлықаралық байқауы өтті. Биылғы додадаАзиядан Еуропаға дейінгі 6,5 шақырымдыққашықтықты бағындыру үшін 81 елден келген2800-ден астам спортшы бақ сынады, деп жазады QazNews.kz

Masters 19–24 жас санатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студентіЕлдар Шекербек тамаша нәтиже көрсетіп, 6-орынды иеленіп, әлемнің үздік он марафоншы-спортшыларының қатарына қосылды.

«Жарыс оңай болған жоққарсы ағындар да, жеңіске ғана ұмтылған мықты қатысушылар да көп болды. Бірақ бұл мен үшін маңызды сынақ еді, нәтижеме қуаныштымын»,деп атап өттімарафоншы-спортшы Елдар Шекербек.

Босфорды жүзіп өту додасы ТүркияОлимпиада комитетінің қолдауымен 37-рет ұйымдастырылып отыр. Бұл бірегей жарыс тек күшпен төзімділікті сынау ғана емес, сонымен қатарАзия мен Еуропаны жалғап тұрған символдықөткел болып саналады. Жарысқа қатысқан әрбірспортшы мәңгілікке «құрлықаралық жүзуші» мәртебесін иеленеді.

Елдар Шекербекашық суда жүзудегіҚазақстанның ең табысты спортшыларының бірі. Оның жетістіктері қатарында:

ҚР чемпионы (2 км, 5 км және 10 км қашықтықтарда);
Азияның абсолютті чемпионы (5 км);
Әлем чемпионы (эстафета 3×500 м);
Парсы шығанағындағы (10 км, БАӘ) жүзудекүміс және қола жүлдегер;
Еуропа чемпионы (10 км, Испания);
2023–2024 жж. Универсиада жеңімпазы;
ҚР ашық суда жүзуден спорт шебері;
триатлон және президенттік бес сайыс бойыншаспорт шеберіне үміткер.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр