Ұлттық статистика бюросы қараша айындағы елдегі жылжымайтын мүлік бағасына қатысты деректерді жариялады. Ел бойынша 39 973 сатып алу-сату келісімі тіркелді. Бұл қазан айымен салыстырғанда 3,1 пайызға аз, деп жазады QazNews.kz
Жыл ішінде жаңа баспана бағасы 15,5 пайызға, ал екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы 14,3 пайызға қымбаттады. Жайлылығы жоғары жалға берілетін баспананың бағасы 11,9 пайызға өскен.
Аймақтардағы рекордтар
Бірінші нарық: Алматы +19,9%, Павлодар +19,6%, Астана +17,4%
Екінші нарық: Алматы +23%, Ақтөбе +19,4%
Жалға алу: Павлодар +36,9%, Ақтөбе +34,3%, Петропавл +25,6%
Айлық баға өзгерістері
2025 жылдың қазанынан қарашаға дейін жаңа тұрғын үй бағасы 2,5 пайызға, екінші нарықтағы пәтер бағасы 2,8 пайызға өсті.
Пәтер мен үй: ең көп рәсімделген мәмілелер
Жалпы тіркелген келісімдердің ішінде 31 222-сі — пәтерлерге, 8 751-і — жеке үйлерге қатысты.
Сатып алу-сату операциялары ең көп жасалған өңірлер:
Астана — 8 861 мәміле (22,2%)
Алматы — 7 443 (18,6%)
Қарағанды облысы — 2 731 (6,8%)
Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді — 339 мәміле (0,8%).
Пәтер сату динамикасы
Пәтерге қатысты мәмілелер саны 4,1 пайызға төмендеп, 31 222 операция болған. Бұл — барлық келісімдердің 78,1 пайызы.
Ең көп пәтер саудасы Астанада (27,9%), Алматыда (21,9%) және Қарағанды облысында (7,3%) тіркелді.
Сатып алушылар арасында ең танымал пәтер түрі — екі бөлмелі. Барлығы 11 888 мәміле жасалған.
Жеке үйлер
Ай ішінде жеке үйге қатысты келісімдер саны 0,4 пайызға артып, 8 751 операция болды.
Ең жоғары өсім тіркелген өңірлер:
Қызылорда облысы — +33,6%
Жетісу облысы — +25,4%
Абай облысы — +11,3%
Төмендеу байқалған өңірлер:
Маңғыстау облысы — -12,8%
Шымкент — -12,1%
Ұлытау облысы — -11,3%
Жылдық нарық динамикасы
2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда мәмілелер көлемі 1,4 пайызға өсті. Былтыр бұл көрсеткіш 39 421 болған.
Жыл ішіндегі ең жоғары өсім — Жетісу облысында (31,3%),
ең үлкен төмендеу — Ұлытау облысында (-31%) тіркелген.
2025 жылдың қаңтар–қараша айларында мәмілелер көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайызға артқан.
