Сенбі, 24 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарҚазақстанда АЭС салу жөніндегі референдум аяқталды

Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдум аяқталды

Бүгін, 6 қазан күні Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды QazNews.kz

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, өңірде барлығы 10 249 референдум учаскесі жұмыс істеді.

Дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 12 млн 244 мың 683 азамат енген.

Орталық референдум комиссиясының кешкі сағат 18:00-дегі мәліметіне сүйенсек, ел бойынша 7 537 675 азамат бюллетень алған. Бұл тізімдегі азаматтардың 61,56 пайызын құрайды.

Соңғы мәлімет бойынша, шет елдердегі референдум учаскелерінде Қазақстанның 7358 азаматы дауыс берген.

Дауыс берушілер туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 21:00-де белгілі болады.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments