Қарағанды облысында миллиардтаған теңгенің табиғи байлығын шетелге сатқандар ұсталды, деп жазады QazNews.kz
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру дерегін анықтады. Осы дерек бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді.
«Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды. Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден аса шығын келтірілген», — деп жазылған хабарламада.
Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден аса мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.


