Бейсенбі, 5 февраля, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтар«Назарбаев, кет!» ұранының авторы қамауға алынды

«Назарбаев, кет!» ұранының авторы қамауға алынды

«Назарбаев, кет!» ұранының авторы, саясаткер әрі белсенді Ермек Нарымбай қамауға алынды. Бұл туралы журналист Лұқпан Ахмедияров хабарлады,  деп жазады QazNews.kz

«Түнде, сағат 1:23-те Астана қаласының соты Ермек Нарымбайды биылғы 3 сәуірге дейін қамауда ұстау туралы қаулыны жариялады», — деп жазды Ахмедияров бейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, 4 ақпанда Ермек Нарымбай сот үкімін орындамады деген айыппен ұсталғаны хабарланған еді. Атап айтқанда, сот оған әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салған.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр