Бейсенбі, 19 марта, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарНаурыз мерекесінде зияткерлік дода: Алматыда тоғызқұмалақ турнирі ұйымдастырылды

Наурыз мерекесінде зияткерлік дода: Алматыда тоғызқұмалақ турнирі ұйымдастырылды

2026 жылғы 18 наурызда Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі Наурыз мейрамына орай қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырд, деп хабарлайды QazNews.kz

Жарыс аға буын өкілдері арасында Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің кубогы үшін өткізілді. Іс-шараның салтанатты ашылуын Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ҚХА Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б.М. Оспанов жүргізді.

Сондай-ақ құттықтау сөз сөйлегендер: Д.А. Алиев — Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Республикалық Ассамблея Кеңесінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» орталығының төрағасы және Қ.Р. Қалиоллаев — Қазақстан Республикасы ҚХА мүшесі, Алматы қаласының тоғызқұмалақ федерациясының президенті.

Турнир Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтті және дәстүр сабақтастығының, ұлттық зияткерлік ойындарды насихаттаудың, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүрудің жарқын үлгісіне айналды.

Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін және қазақ халқының мәдени мұрасына деген құрметін көрсетті.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр