Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарХромтауда дәмханада газ жарылып, бес адам зардап шекті

Хромтауда дәмханада газ жарылып, бес адам зардап шекті

19 қаңтарда шамамен сағат 17:45-те Ақтөбе облысы Хромтау қаласы Ғ.Жұбанова көшесінде орналасқан жеке тұрған қоғамдық тамақтану нысанында газ жабдығы жарылды,  деп жазады QazNews.kz

Түскен шақырту бойынша ТЖД күштері жедел түрде жіберілген. Оқиға орнына екі техника мен жеке құрамнан жеті адам барған.

«Оқиға салдарынан ғимараттың құрылымдары шамамен 80 шаршы метр аумақта қирады», — деді ТЖД өкілі.

Зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетіліп, бес адам медициналық мекемеге жеткізілді, олардың жағдайы нақтыланып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр